spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 21, 2025
8.2 C
Kokshetau

Өзге ұлт оқушылары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық байқауы өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» 2021 жылдың 22 қыркүйегі күні Тілдер күнінің аясында ұлты қазақ емес 14 жастағы оқушылар арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық онлайн байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің мәретебесін көтеру, талантты жастарды анықтау және өз елін, Отанын, туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтарды тәрбиелеу.
Іс-шараға Ақмола облысының 11 ауданы және Көкшетау, Степногорск қалаларынан 14 оқушы қатысты.
Байқау төрт кезеңде өткізілді. «Кел, танысайық» деп аталатын бірінші кезеңде әр қатысушы өзін-өзі таныстырып кетті. «Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп аталатын екінші кезенде қатысушылар мәтінді мазмұндап, сөйлеу мәнері мен ойды ұшқыр жеткізу қабілеттерін көрсетті. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін…» атты үшінші кезеңде қатысушылар М.Мақатаевтың 90-жылдығына орай ақынның лирикалық өлеңдерін, дастандарынан үзінділер жатқа оқып берді. «Сауатты болайық!» атты төртінші кезеңде қатысушылар көше жарнамаларындағы қате жазылған сөздерді талдады.
Оқушылардың тілді меңгеру деңгейлерін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен Ж.Мусин атындағы қазақ жоғары педагогикалық колледждерінің мамандары бағалады.
Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен, олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика