spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Павлодарда 5 жасар баладан коронавирустың нигериялық «ЕТА» штамы анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Павлодарда 5 жасар баладан коронавирустың нигериялық «ЕТА» штамы анықталды. Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Павлодарда бір отбасындағы баладан сараптама алынды. Мұндай жағдайда таңдап бір адамнан сараптама алынады. 2016 жылы туған баладан КВИ-дің нигериялық «ЕТА» штамы анықталды. Ол отбасының барлық мүшесі бұл штаммен ауырып, жазылып шыққан», – деді деді Айдар Сейітқазинов.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл жағдай тамыз айында болған. Қазір баланың жағдайы жақсы, отбасы мүшелері өздерін жақсы сезінеді.

«Ол кезде Алматыға 5 сараптама жіберілді. Оның біреуінен нигериялық штамм, үшеуінен «Дельта» штамы анықталды», – деді Айдар Сейітқазинов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірде КВИ жұқтырған 943 адам ауруханада ем қабылдауда. Реанимациялық орындарда 82 адам жатыр. Сондай-ақ бүгінде КВИ анықталған 205 бала бар. 53 бала ауруханада емделуде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img