spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті. Кездесу барысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстанда атқарған жұмыстарының нәтижелері мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың басымдықтары талқыланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Одиль Рено-Бассоға ілтипат білдіріп, ақпан айында онлайн режимде өткізген кездесуде өзара жемісті әңгіме өрбіткенін, алайда оның Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде ой-пікір алмасуға мүмкіндік беретін бетпе-бет жүздесудей болмайтынын атап өтті.

– Еуропалық қайта құру және даму банкі – Қазақстанның стратегиялық серіктесі. Ынтымақтастық орнатқан уақыттан бері сіздің банк біздің экономикамызға 8 миллиард евродан астам инвестиция салып, 300-ге жуық жоба жүзеге асырылды. Жалпы банктің әртүрлі салаларды, әсіресе жаңартылатын қуат көздері секторын белсенді қаржыландырғанын білеміз. Жаңартылатын қуат көздері саласындағы ынтымақтастықты жалғастырамыз деп сенеміз, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені бағытындағы жобаларды да жүзеге асыру аса маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар кездесуде коронавирус пандемиясы, қаржы және тауар нарығындағы тұрақсыздық сияқты проблемаларды қамтитын әлемдік экономиканың дамуына қатысты ауқымды мәселелер қарастырылды.

ЕҚДБ президенті Одиль Рено-Бассо әлемдік экономиканың дамуы мен Қазақстандағы экономикалық өсім туралы өз болжамымен бөлісті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img