spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Бурабайда ауданында 15 жастағы қыз бала із-түзсіз жоғалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Бурабай ауданында 15 жастағы қыз бала хабар-ошарсыз жоғалды. Үйден 20 қыркүйек күні шығып кеткен Аягөздің қазір қайда жүргені ешкімге беймәлім, деп хабарлайды «Aqmola News».

Бурабай ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 47 жастағы Веденовка ауылының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша 20 қыркүйек күні сағат төрттер шамасында үйден шығып кеткен 15 жастағы қызы Қапезова Аягөз Сағындыққызы сол күйі оралмаған.

Аталған факт бойынша жедел тергеу тобы дереу іздеп шараларын бастап Бурабай ауданы полициясының жеке құрамына түгел хабар берілген. Полиция жоғалған қыздың туыстары, таныстары, достары мен сыныптастары сондай-ақ жоғалған күні көруі мүмкін адамдардан жауап алған.

«Полицейлер мейманханаларды, жалға алынатын пәтерлерді, сауда орындары мен түнгі клубтарды, шаруа қожалықтары мен иесіз қалған құрылыстарды, құрылыс алаңдарын, кәріз коллекторлары мен гараж кооперативтерін, өзендер мен су қоймаларының жағалауларын түгелдей сүзіп шықты. Сондай-ақ, адам тасумен айналысатын жүргізушілерден де жауап алынды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қыз үйден шыққан сәтте сұрт түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, қызыл түсті кроссовка киген. Өзімен бірге қара түсті рюкзагы және  «Samsung маркалы ұялы телефоны болған. Бойы шамамен 160-170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, қоңыр көзді. Ерекше белгілері жоқ.

Полиция қызды көрген адамдарға дереу 102 нөміріне хабарлауды өтінеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img