spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
2.2 C
Kokshetau

Ақмолада алкоголь шығаратын заңсыз цех анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында алкоголь өнімдерін шығаратын заңсыз цех анықталды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аймақ аудандарының бірінде жалға алынған гаражда арақ пен коньяк өндірумен және құюмен айналысатын 57 жастағы әйел кәсіпкердің заңсыз қызметін анықтады.

«Гаражды тексеру барысында 1200 литр спирт құйылған 200 литрлік пластикалық бөшкелер, 90 литр спирті мен 525 литр арағы құйылған бес литрлік пластикалық контейнерлер, коньяк жасауға арналған бояуы бар 0,5 литрлік бір шыны бөтелке, коньяк иісіне ұқсас қара сұйықтығы бар 0,5 литрлік бір шыны бөтелке табылды және тәркіленді. Сондай-ақ, өндіріске және құюға қажетті заттар алынды: спиртті соруға арналған сорғы, 12 Вольтқа арналған электр ыдысы, спирт қалдықтары бар 200 литрлік бөшкелердің бос ыдыстары, бос канистрлер мен баклажандар», – деп түсіндірді ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Авторлық құқықтың негізгі объектiлерi

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар азаматтық-құқықтық институты әдебиет, ғылым және өнер туындыларын жасау және пайдалану саласындағы мүліктік емес қатынастарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика