spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
16 C
Kokshetau

Жамбыл облысында «жеңгетайлар» ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз
Жамбыл облысында «STOP-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Рейдтің бірінші күні Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қыздарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан және ұйымдастырған 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған адам кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ 11 адам Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.

«Жеңгетай» санаты бойынша бір адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін 3 әйел профилактикалық есепке алынды. Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында электрмен жабдықтау тұрақтандырылды

Зеренді ауданында Серафимовка, Қойсалған және Желтау ауылдарының тұрғындары соңғы үш ай бойы жиі кездескен жарықтың өшіп қалу мәселесі шешілді....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика