spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
18.2 C
Kokshetau

Көкшетау кезекті жылыту маусымына дайын

Сондай-ақ...оқыңыз

Осы апатаның сәрсенбісінен бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Ал, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған тұрғын үйлерге апта соңына дейін жылу берілуге тиіс. Жалпы, қала жылу беру маусымына дайын,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы  Көкшетау қаласының жылыту маусымына дайындығына арналған брифингте қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ерназаров мәлімдеді.

Ол өз сөзінде қаладағы барлық қазандықтарда ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл № 1 және № 2 аудандық қазандықтар, сондай – ақ «Көкшетау 2» және Красный Яр ауылындағы жергілікті қазандықтар.

«Темірбеков көшесінде жылу магистралі қайта жөнделуде. Екі күн ішінде бас мердігер барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауға тырысады. Содан соң бұл аймақтарға да жылу беріледі», – деді Бауыржан Ерназаров.

Қаланы жылумен қамтамасыз етуші «Көкшетау Жылу» компаниясы басшысының міндетін атқарушы Руслан Мақышев жылыту маусымының өткен жылдағы тәжірибесін ескергенін атап өтті.

«Өткен жылыту маусымына қатысты көптеген мәселелер болды. Қалыпты қыс болды, аяз болды. Бірақ біздің ұжым лайықты жұмыс істеді және биыл маусымды лайықты өткізуге үміттіміз», – деп атап өтті Мақышев.

Биыл облыстың бірқатар аудандарында қазандықтар жөндеуден өтіп, біразы жаңартылды. Бұл – жылыту сапасын жақсартатыны сөзсіз.

Ал қаладағы барлық қазандықтардағы жөндеу жұмыстары  жылумен қамтамасыз етуге оң әсер етуі тиіс. Бұл ретте «Көкшетау Жылу» басшысының міндетін атқарушы жылумен қамтуға байланысты мәселелердің туындайтынын жоққа шығармайды.

Жылыту маусымы кезінде көптеген мәселелер орын алуы мүмкін. Тұрғындар тарапынан шағымдар түссе, бір жағдай болса, біз анықтауға және жоюға тырысамыз», – деп сендірді Руслан Мақышев.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АЭС – болашаққа нық қадам !

Қазақстан Республисы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетаулық спортшылармен, ұстаздар қауымымен және халыққа қызмет...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img