spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32.1 C
Kokshetau

Семейде өртенген пәтерде қалып қойған 5 жасар баланы көршісі құтқарды

Сондай-ақ...оқыңыз

Семей қаласында өртенген пәтерде қалып қойған 5 жасар баланы көршісі құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт 16 қыркүйекте сағат 18.55-те 408 квартал көшесінде шықты. Бесінші қабатта орналасқан пәтерде кілем жанған.

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенше көрші Святослав Бикетов есікті ашып, 5 жасар баланы сыртқа алып шыққан. Содан кейін ол жалпы ауданы 3 шаршы метрді құраған қызыл жалынды өз бетімен ауыздықтады», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Жанған азық-түліктен жеңіл дәрежеде уланған бүлдіршінді ауруханаға жатқызудың қажеттілігі болған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша тілсіз жаудың шығуына – баланың отты абайсыз қолдануы себеп болды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика