spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 16, 2025
5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді. Бұл туралы жаңа қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулыда мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, ашық ауадағы аттракциондардың жұмысына рұқсат беріледі.

Сонымен бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен, 30 адамнан артық емес, бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтық сақтай отырып, мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында, ашық ауада ұжымдық діни іс-шараларды, оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православие дұғалары және басқаларын жүргізуге рұқсат етілген.

«Сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрып, жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарлары қызметіне рұқсат беріледі. Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер, аралас тауарлар дүкендері, павильон (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация пункттері орналасқанына қарамастан) сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата тұрып, күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Мұндағы келушілер саны 30 пайыздан және бір келушіге 4 шаршы метрден аспауы тиіс. «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан, балалар ойын алаңдары мен аттракцион қызметіне тыйым салынады», – делінген қаулыда.

Бұдан бөлек, сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрып, жұмыс күндері сағат 20-ға дейін фитнес орталықтары, йога орталықтары, тренажер залдары мен спорт-сауықтыру орталықтары, сауна, СПА орталықтары, бассейн қызметіне рұқсат беріледі. Қаулы қол қойылған күнінен бастап бастап күшіне енеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дені сау жастар – мықты ұлттың кепілі

Дене тәрбиесі мен спорт – ұлт денсаулығының тірегі. Ақмола облысында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі және кешенді түрде жүргізіліп келеді....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img