spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Cиноптиктер 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Солтүстік-батыс циклонына байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болуы мүмкін, яғни жаңбыр жауады, найзағай ойнап, желдің күшейеді. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстік-батысында жел 15-20 м/с дейін күшейіп, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысының басым бөлігінде күндіз жел екпіні 15-20 м/с, оңтүстігінде 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз орталығында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде Маңғыстау облысының орталығы мен батысында, күндіз орталығы мен оңтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының батысы, солтүстігінде және орталығында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырық бетінде, Қостанай облысының солтүстігінде 3 градус үсік жүреді.

«Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады», – делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img