spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-24.8 C
Kokshetau

Степногорда бірнеше саяжай өртенді

Сондай-ақ...оқыңыз

Степногорда бірнеше саяжай өртенді, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 16 қыркүйек күні сағат 17:00-де болған. Өрт қаланың шетіндегі телемұнара тұсынан басталып, «Вавилов» саяжай алабына тараған. Тілсіз жау 20 гектар аумақтағы құрғақ шөпті шарпыды. Одан 3,5 гектар аумақтағы 58 саяжай учаскесіне таралды, оның үшеуінде саяжай үйлері зардап шекті.

«Өртті ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 34 адам мен төрт арнайы өрт сөндіру техникасы, «ОПАЗ» мемлекеттік емес өрт қауіпсіздігі қызметінің 4 жұмысшысы мен 1 техникасы, «ЕПК» АҚ өрт қауіпісіздігі бөлімінің 4 қызметкері мен 1 техникасы, «Қазақалтын» кәсіпорнының 4 қызметкері мен 1 техникасы, «Мани» ЖШС-ның 2 қызметкері мен 2 техникасы, Степногор қалалық су каналының 2 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды», – деді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Өрт сағат 20:45 ауыздықталып, 22:00-де толық сөндірілді. Қазіргі кезде, өрттің шығу себебі мен салдары анықталып жатыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қаңтар – «Заң мен тәртіп» айы

«Адал азамат» бағдарламасы аясында қаңтар айы «Заң мен тәртіп» айы ретінде белгіленіп, өңірдегі білім беру ұйымдарында кешенді тәрбиелік іс-шаралар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика