spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Жүкті әйелдерде коронавирус ауыр жүреді – дәрігер

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматы қалалық Перинаталдық орталығының гинекологы Әсел Омарқұлова онлайн брифингте вакцинаның бірінші компонентін алған және жүктілік туралы білген әйелдерді еш алаңдамауға шақырды.

Егер әйел вакцинаның бірінші дозасын алып, жүкті екенін білсе, мұнда қорқатын ештеңе жоқ. Ол екінші дозаны алу үшін медициналық көмекке жүгінеді. Жүкті әйелдерді вакциналау мәселесі бүгінде әлемде талқыланып, қарастырылуда. Жүктіліктің бірінші триместрінде егжей-тегжейлі скринингтік зерттеуден, УДЗ-ді 11-13 апта аралығында өту керек, – деді Ә. Омарқұлова.

Ол медицинада ана мен ұрықтың өмірін сақтап қалу үшін жүктілік кезінде вакцина алудың көптеген мысалдары бар екенін еске салды. Себебі жүкті әйелдерде де коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі бар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина алуды ұсынады. Вакцина ұрыққа ене алмайды және оған вирус жұқпайды, ана сүті де вирустан таза болады, – деді Ә. Омарқұлова.

Оның айтуынша, жақын арада жүктілікті жоспарлап отырған әйелдерге КВИ-ге қарсы вакцина алу қажет. Сонымен қатар, жүктілікті вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін бір айдан кейін жоспарлаған жөн.

Вакцинация жүктілікке немесе репродуктивті жүйеге ешқандай әсер етпейді. Біздің елде жүкті және бала емізетін әйелдерге екпе салу туралы әлі айтылған жоқ. Дәрігерлер препаратты әзірлеушілер жүргізген клиникалық зерттеулердің ресми нәтижелерін күтуде. Ұсынымдар түсе салысымен ешкім вакцинаны дереу қолданбайды. Бәрі қауіпсіз жағдайда әрі өз ретімен жасалатын болады, – дейді дәрігер.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img