spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында мемлекеттік тілдің үздік білгірлері анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында өңірде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мемлекеттік тілді меңгерген түрлі этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты онлайн-байқау өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Іс-шараға облыстың аудандары мен қалаларынан түрлі қызмет салаларындағы 14 үміткер қатысты.

Байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген түрлі этнос өкілдерін ынталандыру мақсатында өткізілді.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, байқаудың бірінші кезеңінде қатысушылар қысқа метражды бейнероликтер ұсынды, онда олар қазақ тілін үйренудегі өз мүдделері мен жетістіктері туралы айтып берді, белгілі қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларынан үзінділер оқыды.  Екінші кезеңде қатысушылар «Тіл мен Тәуелсіздік егіз ұғым» тақырыбында ой толғады.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға Целиноград ауданы Арайлы ауылы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анастасия Ирубаева ие болды. Екінші орынды Көкшетау қаласының «Zerek» балабақшасының тәрбиешісі Анастасия Кравченко, үшінші орынды Есіл ауданы Ы.Алтынсарин атындағы Игілік негізгі орта мектебінің педагог – психологы Радмила Бигужанова иеленді.

«Өз басым мемлекеттік тілді меңгеру әр бір азаматтың парызы және міндеті деп білемін. Қазақ тілін меңгеріп қана қоймай қазақ тілінде балаларға білім беру мен үшін үлкен бақыт», – деп Анастасия Ирубаева өз ойымен бөлісті.

Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетейік, байқаудың аймақтық кезеңінің жеңімпазы қараша айында өтетін республикалық байқауда Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img