spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай конференция ұйымдастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

ZOOM платформасында Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған «Қазақты әлемге танытқан Қажымұқан» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Шараға Қазақстан Грек-рим күрес федерациясы басшыларының, Түркия, Моңғолия, Иран, Қытай және т.б. елдер өкілдерінің, балуанның туыстары, шәкірттері, ғалым-профессорлардың, Ақмола облысы зиялы қауымының, облыстағы спорт жанашырлары қатысты.

Конференцияны кіріспе сөзімен Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нариман Әбдірахманов ашты. Ол өз сөзінде Қажымұқан Мұңайтпасұлының Ақмола облысының тумасы екенін айта келе Целиноград ауданында ескерткіш тақта орнатылғанын, сондай-ақ балуан атындағы мектептің ашылғанын, Көкшетау қаласында үлкен спорт кешеніне есімі берілгенін атап өтті.

Ал дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Әділбек Ыбырайымұлы балуанның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жасаған ерлік ісі жайлы баяндап өтті.

«Қажымұқан соғыс уақытында өз қаражатына ұшақ сатып алып, оны соғысқа жібергені белгілі. Бір атап өтерлігі ол Сталинге ұшаққа Амангелді Имановтың есімі жазылуын өтініш етіп жазған екен. Осылайша балуан бабамыздың өтініші орындалып, ұшаққа Амангелді есімі беріліп, онымен қазақ ұшқышы ұшқан. Кейін Қажымұқан Мұңайтпасұлына Сталиннің өзі Қызыл Армияның әскери техникасын толықтыруға қосқан үлесі үшін арнайы алғыс жеделхатын жолдаған. Бұл жеделхат Түркістан облысы, Ордабасы ауданында күні бүгінге дейін сақтаулы тұр. Міне осылай балуан бабамыздың өз елін Отанын сүюдің жоғары үлгісін көрсетіп кетті», – деді Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Әділбек Ыбырайымұлы. 

Шара барысында Түркістан облыстық спорт мұражайының экскурсоводы, Қажымұқанның тікелей ұрпағы – Меруерт Ескермес музей бойынша онлайн экскурсия жасап, жиынға қатысушыларды күш атасы жайлы қызықты деректермен таныстырды.

Конференцияда «Қазақ спорт тарихындағы Қажымұқанның орны», «Балуанның жеңістері мен жетістіктері және бүгінгі күн», «Қажымұқанның Монғолия жеріндегі балуандық дәстүрі»  тақырыптарда тақырыптары кеңінен талқыланып, балуан туралы тың естеліктер айтылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img