spot_img
Сейсенбі, Наурыз 17, 2026
-2.8 C
Kokshetau

Бурабай ауданында патриоттық әндер байқауы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан халқының тілдері күніне арналған онкүндік аясында Бурабай ауданында «Қазақ тілі-ғажап тіл» патриоттық әндер байқауы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Онлайн форматта өткен шығармашылық іс-шараға түрлі этнос өкілдері болып табылатын 10 қатысушы қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, байқау мемлекеттік тілді насихаттау, басқа этностар арасында мемлекеттік тілге деген қызығушылықты дамыту, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, музыкалық шығармашылықты дамыту және талантты орындаушыларды анықтау мақсатында өткізіледі.

«Байқауға қатысушылар қазақ тілінде танымал патриоттық әндерді орындап, жақсы вокалдық қабілеттерін көрсетті. Байқау қорытындысы 17 қыркүйекте тілдер онкүндігінің салтанатты жабылуында шығарылады. Қатысушылардың өнерін бағалау кезінде вокалдық қабілеттері, орындау техникасы, музыкалық шығарманың күрделілік дәрежесі, сахналық бейнесі мен әртістігі бағаланатын болады», – деп хабарлады аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Айта кетейік, Ақмола облысында Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі аясында бірқатар түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Олардың қатарында Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ тілін оқыту курстарының ашылуы, жас ақындардың қатысуымен «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» айтысы, «Ұшқыр оймен шешен тіл» зияткерлік ойыны, «Своя игра» викторинасы және басқалары бар. Жалпы, өңірде тілдер онкүндігі аясында екі мыңға жуық іс-шара өткізіледі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді

16 наурыз күні «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы жаңа конституцияның жобасына қатысты референдумды бақылаудың қорытындысын жариялаған баспасөз конференциясын өткізді. Журналистердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика