spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Экология министрі Үкімет отырысында ант берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Жуырда ғана Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалған Серікқали Брекешев бүгін Үкімет отырысында халық алдында жаңа қызметін адал атқаруға ант берді.

Жиынды Үкіметтегі ауыс-түйістен бастаған Премьер-министр алдымен жаңа министрді таныстырып, артынша ант қабылдау рәсімі өтті.

«Қазақстан Республикасының халқы мен президентінің алдында өз Отаным Қазақстан Республикасын экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттік конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімді заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделдігін нығайта беруге салнататты түрде ант етемін», – деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Атырау политехникалық институтын «мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1995-1997 жылдары «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК бас директорының орынбасары, экономист болып жұмыс істеген.

1997 жылы Ақтау қаласы бойынша Салық бөлімінің жедел бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.

1997-1998 жылдары — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасы филиалының құбырлар және металл бұйымдары бөлімінің 8-ші разрядты инженері, көлік, арнайы техника мен қосалқы бөлшектер бөлімінің инженері.

1998-2006 жылдары — «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ пайдалану жөніндегі инженері, кен орнында мұнай өндіру шебері, кәсіпшілік менеджері.

2007-2014 жылдары энергетика және минералды ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2015 жылдан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында жұмыс істеді — Техникалық саясат департаментінің директоры, ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директор, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор, өндірістік-техникалық департаменттің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.

2020 жылдың наурызынан бері Серікқали Брекешев Экология вице-министрі қызметін атқарды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img