spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Жыл басынан бері ғана білім сапасына қатысты 70-ке жуық өтініш түскен

Сондай-ақ...оқыңыз
Оқу жылының басынан ҚР Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне азаматтардан 70-ке жуық өтініш келіп түсіп, білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің қызметкерлері шаралар қабылдады, деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Мәселен, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Б. Омаров атындағы №50 мектеп мұғалімдері мектеп директорының міндетін атқарушы оларды курорттық аймақта гольф алаңын тазалау жұмысына тартқаны үшін шағымданды. Мәселенің мән-жайы анықталғаннан кейін лауазымды тұлға қызметінен босатылды.
Түркістан облысында балабақша тәрбиешісі қызметінен заңсыз босатылған, алайда әкімдіктің білім басқармасы оның құқығын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдамаған. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменті қызметкерлерінің араласуынан кейін ғана тәрбиеші бұрынғы жұмысына қайтып оралды.
Атырау облысында педагогикалық этика ережелерін бұзғаны үшін Қ. Ахмедияров атындағы орта мектептің мұғалімі жұмысынан босатылды.
Алматы облысында департамент қызметкерлері мұғалімнің өтінішінен кейін шаралар қабылдады. Өтініште мұғалім білім беру ұйымдарында ақша жинау және оларға тән емес функцияларға тарту фактілері туралы хабарлаған. Мәселе қаралғаннан кейін Текелі қаласындағы №6 орта мектебінің директорын қызметінен босату туралы шешім қабылданып, осыған ұқсас фактілер расталды. Сонымен қатар Текелі қаласы әкімдігінің білім бөлімі басшысының м.а. тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.
Педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерінің ең көп бұзылуы Түркістан және Алматы облыстарында байқалады.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде иммунизациялау шаралары бойынша тізім жасау туралы құжат жарияланды. Мұндай ақпаратты жинау жөніндегі бұйрық ҚР БҒМ-мен қарастырылмаған. Аудандық білім бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша әр облыста педагогикалық әдеп жөніндегі комиссиялар құрылды, олар педагогтердің құқықтарын бұзу бойынша өтініштер мен фактілерді жедел қарайды.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img