spot_img
Сейсенбі, Желтоқсан 23, 2025
-4.8 C
Kokshetau

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыра білейік

Сондай-ақ...оқыңыз

Ертеңін ойлаған кез келген мемлекет сыбайлас жемқорлықпен күресті басты орынға қояды. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевта әлемдік мәселеге үстірт қарап отырған жоқ. Халыққа арнаған жолдауларында сыбайлас жемқорлықпен күресті күн тәртібінен түсірген емес. Осының өзі ғасыр дерті саналған сыбайластықпен күресте Қазақстанның кез келген мүмкіндікті қалт жібермейтінін, ескі жауды женуде жаңа бастамаларды қолдануға ынталы екенін айғақтайды.

Жалпы жемқорлықты ауыздықтау кешенді түрде ұйымдастырылғаны абзал. Елімізде сыбайластыққа қарсы иммунитет қалыптастыра білуіміз қажет. Яғни, алдымен азаматтардың құқықтық сауатын көтеруге, насихат жұмыстарын күшейтуге басымдық берген дұрыс.

Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Жемқорлық көріністеріне барынша тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болса, мақсаттың орындалғаны, яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыра білгеніміз.

Еразақ Тілеубергенов,

Заң ғылымдарының докторы 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заң мен тәртіп – ортақ жауапкершілік: қауіпсіздік қыста басталады

Көкшетау қаласындағы №11 мектеп-гимназиясында өскелең ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыруға, жауапкершілік пен қауіпсіздік мәдениетін орнықтыруға бағытталған «Заң мен тәртіп –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика