spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Көкшетауда су қоймасында апат болып, бірнеше аудан сусыз қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Көкшетаудың шеткі аймақтарындағы бірнеше шағын аудандар екі-үш күннен бері сусыз қалды. Аталған жағдай қаланы сумен қамтитын көршілес Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасында болған апаттан туындаған. Салдарынан қаланың Жайлау, Сарыарқа аудандарында су болмай көп үйлердің жоғары қабаттарына су жетпей қалған.  бірнеше шағын ауданы үш күннен бері ауыз сусыз отыр. Мәселе осыдан үш күн бұрын қаланы сумен қамтамасыз ететін Сергеев су қоймасында болған апаттан туындапты. Салдарынан қаланың Жайлау, Сарыарқа аудандары мүлдем сусыз қалса, қалған аудандарда судың қысымы төмендеп, үйлердің жоғары қабаттарына су жетпей қалған.

Бұл мәселе жөнінде «Көкшетау су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Ермек Өмірғалиев ресми түсініктеме берді.

Оның айтуынша, Көкшетау қаласына ауыз су Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев және қаланың іргесіндегі Шағалалы су қоймаларынан беріледі.

Осыдан бес жыл бұрын Сергеев су қоймасында болған апаттан кейін су қоймасына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда араға бес жыл толмастан су қоймасында тағы да күрделі апат орын алды. Салдарынан Шағалалы су қоймасынан берілетін су қоры қаланы қамтамасыз етуге жетпей қалған. Қазір қаланың бірнеше шағын аудандарында суды коммуналдық кәсіпорындар су тасығыш көліктермен жеткізуге көшкен. Ал, тұрғындар суды тоқтату туралы жергілікті билік пен су таратушы кәсіпорынның алдын ала хабарланбағанына қапалы.

Су таситын көліктер уақытында келмей жатыр…

«Міне бірнеше күннен бері сусыз қалдық. Бұл біздің Сарыарқа шағын ауданында бірінші рет болған жағдай емес. Біресе су, жоқ, біресе жарық болмай қалады. Халыққа алдын ала ескерту жасалған жоқ. Мұндай жағдай болатынын білгенде алдын ала қамданып суды ыдыстарға құйып алатын едік қой. Бүгін таңертең суды көлікпен әкелді. Тұрғындар суық желде далада тұрып кезекпен су алуға мәжбүр. Кешкісін тағы алып келді. Бірақ көлікті көп күтуге тура келеді. Жергілікті биліктен суды таситын қосымша көліктер қосуын сұраймыз», – дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Нияз Есмагулов.

Қала әлі бірнеше күн сусыз қалмақ…

Ермек Хайдарұлының айтуынша қалаға әлі бірнеше күн су толық берілмейді.

«Сарыарқа шағын ауданына бүгін су жібердік. Бірақ әзірге уақытпен беріледі. Қазір Жайлау шағын ауданы ғана сусыз отыр. Сергеев су қоймасында болған апаттан халыққа су жетіспеуіне байланысты су қоры жетіспей жатыр. Сондықтан халықты сусыз қалдырмау үшін Солтүстік және Шығыс өнеркәсіп аймақтарына берілетін суды уақытша тоқтатып халыққа су бере бастадық. Қазір Сергеев су қоймасында жөндеу жүргізіліп жатыр. Халықты сумен қамтамасыз ету үшін таңғы 9.00-ден 11.00-ге дейін және кешкісін 17.00-ден 19.00-ге дейін «Тазалық» және «Зерен плюс 2006» коммуналдық кәсіпорындарының 4 су тасығыш көліктерімен Жайлау және Сарыарқа шағын аудандарына су тасымалданып жатыр. Әлі бірнеше күн жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Тұрғындардан сабырлық танытып, түсіністікпен қарауын сұраймыз», – дейді «Көкшетау Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Ермек Өмірғалиев.

Коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше Сергеев су қоймасынан су беретін «Нұра топтық су құбыры» РМК-ның «Есіл» филиалы апатқа байланысты Көкшетау қаласына берілетін суды жөндеу жұмыстарына байланысты шектеген. Ал оның салдарынан қаланы сумен қамтамасыз етуге жалғыз Шағалалы су қоймасының су қоры жетпей қалған.

«Жалпы сумен қамтамасыз етуде әлі толықтай халықтың талаптарын қанағаттандыра алмай жатырмыз. Қаланың барлық аумағында су беру жүргізіліп жатыр. Бірақ судың ағу қысымы төмен болғандықтан жоғарғы қабаттарға су жетпей жатыр. Шамамен аптаның ортасына таман су беру жүйесін қалпына келтіруге тырысамыз», – деп толықтырды Ермек Өмірғалиев.

Апта ортасына дейін қалпына келтірілуі тиіс

Аталған мәселе жөнінде қала әкімдігіне де хабарласып, су беру жүйесіндегі жұмыстардың қашан қалпына келтірілетінін білмек болдық.

«Сергеев су қоймасындағы апат салдарын жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Сумен қамтамасыз ету мәселесі әкімдіктің бақылауына алынған. Әкімдік «Нұра топтық су құбыры» РМК-нің Есіл филиалына өз өкілдерін жіберді. «Көкшетау Су Арнасы» резервуарларда судың жиналуына қарай Сарыарқа шағын ауданына суды таңғы уақыттарда жібере бастады. Су тасымалы тек қала тұрғындарына ғана емес балабақшалар, мектептер мен медициналық мекемелерге де жеткізілуде. «Көкшетау Су Арнасы» ШЖҚ МКК өкілдерінің мәліметінше аптаның ортасында жұмыстар аяқталады.», – делінген Көкшетау қаласы әкімдігінің ресми хабарламасында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img