spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Тәуелсіздік жылдарында ауыл кітапханасына еңбек сіңірді

Сондай-ақ...оқыңыз
Аршалы ауданы Ақбұлақ ауылының тұрғыны Кошкумбекова Нұрғайша Аханқызы  30 жылдан бері ауыл кітапханасында жұмыс істеп келеді. Ол еңбек жалдарындағы жарқын сәттерін Тәуелсіздіктің отыз жылына арнаған жан. 
Кітапханашының үш айлық курсын аяқтағаннан кейін жас бойжеткен Нұрғайша жұбайымен бірге «Вишневский» совхозы Ақбұлақ бөлімшесінің ауылдық кітапханасына кітапханашы ретінде жұмысқа орналасты.
Сол кезде жас отбасының тұңғышы бір жасар Мейрамға, және екінші баласы Эльнара қызына әжесі қарады, бауырына басты. Екеу де әжесінің және ата-анасының махаббатына бөленіп, осы күнде ержетіп, бой жетті.
Кошкумбековтар отбасы «Вишнёвский» совхозының орталығына (қазіргі Ақбұлақ ауылы) көшіп келген соң Нұрғайша Аханқызы жергілікті кітапханаға ауысып, осы күнге дейін жұмыс істеп келеді.
Сонымен қатар Нұрғайша Аханқызы «Ақбұлақ ауылының жалпы білім беретін мектеп» КММ кітапханасында жұмыс істейді. Оқушылармен шығармашылық жұмыспен айналысып, әр-түрлі іс-шараларды өткізіп, көрмелер ұйымдастырады.
Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер коллежін бітіріп, өз кәсібін жоғарлатып Оңтүстік Қазақстан университетінде оқуын жалғастырады, өз жұмысын жауапкершілікпен атқарады. Оқырмандарының қызығушылығына, сәйкес әдебиет тандауға әрдайым кеңес береді. Әрқашан өте мейірімді және сыпайы.
Нурғайша Аханқызының айтуынша, көптеген заманауи гаджеттердің болуына қарамастан, кітап көптеген оқырмандар үшін электронды емес, баспа түрінде танымал болып қала береді. Кітаптар біздің ой-өрісімізді кеңейтеді, адамның сөзін сауатты етеді, адамдарды ерте жастан мейірімділікке, достыққа, адами құндылықтар мен адамгершілікке үйретеді.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img