spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Бурабай ауданында үй өртеніп екі адам көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданының Қарашілік ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды  облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, өрт қыркүйектің 9-да кешкі сағат 21:40 шамасында болған. Қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 13 қызметкер және 3 өрт сөндіру техникасы, Бурабай ауданының ТЖБ жеке құрамынан 8 қызметкер және 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт болған үйден 1969 жылғы ер адам мен 1981 жылғы әйелдің денесі табылды», – деді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып, өрт болған жерде өрт зертханасы жұмыс істеуде. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандар бұл үйге шамамен 2 ай бұрын көшіп келген және жергілікті құс фабрикасында жұмыс істеген.

Осы ретте, Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындарына электр сымдары мен жылыту пештерін жарамды күйде ұстау қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ, алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс пайдалану және төсекте темекі шегуге болмайтынын еске салады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img