spot_img
Жексенбі, Сәуір 20, 2025
24.2 C
Kokshetau

Ауғанстаннан алғашқы қазақтар легі келді

Сондай-ақ...оқыңыз

2021 жылы 9 қыркүйек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстан еліндегі қандастарымыз атажұртқа табан тіреді. Игілікті іс-шараны Сыртқы істер министрлігі мен «Отандастар қоры» КЕАҚ бірлесіп ұйымдастырды. «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей6 қандастардың елге келуіне барлық азаматтар қолдау білдіреді.

«Өздеріңіз білетіндей «Отандастар қоры» КЕАҚ жанынан құрылған Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы 1200-ге жуық Ауғанстанда тұратын қандастарымыздың тізімін әзірледі. Аталған тізімге, бұрынғы ауған елінен көшіп келген және сол жақта тұратын қандастар мен Байланыс орталығына хабарласқан азаматтар енді. Тізім Сыртқы істер министрлігінде жинақталып, одан әрі Кабул қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне жіберілді. Туындаған күрделі мәселелерді оңтайлы шешу мақсатында Елшілікте арнайы комиссия құрылып, жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні 35 қандасымыздың қазақ екені дәлелденіп, комиссиядан құжаттары реттеліп, тарихи отанына аман-есен жетіп отыр. Қандастарымызды Алматы әуежайынан Сыртқы істер министрлігі, «Отандастар қоры» КЕАҚ және өзге құзырлы мекеме қызметкерлері күтіп алды», – дейді Қоғамның вице-президенті Мағауия Сарбасов.
Алдағы уақытта да қандастарды елге қайтару жұмысы тоқтамайды. Елшілік ішінен құрылған арнайы комиссия шешімімен жіберілген қандастарға қолдау көрсету жоспары құрылып, түйткілді мәселені жылдам шешу жолдары қарастырылады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика