spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Қазақстанда вакциналау бойынша жүргізілетін рейдтердің Алгоритмі мақұлданды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, онда вакцинациялау бойынша жүргізілетін рейдтердің Алгоритмі мақұлданды.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы хабарлайды.

Алгоритм Денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар және «Атамекен» ҰКП-мен әзірленді. Рейд барысында мониторингтік топ бұрын анықталған бұзушылықтардан бөлек, кәсіпорын қызметкерлерінің COVID-19 вирусына қарсы екпенің бірінші компонентін салдырған-салдырмағанын тексереді. Қызметкерлер саны 50 адамнан асатын және ұжымдағы адамдардың 60%-дан азы COVID-19 вакцинасының бірінші компоненті салдырған кәсіпорындардың тізімі жобалық кеңсенің Вакцинация картасы негізінде жасалады.

МТ рейдін тіркеу тәртібі InfoKazakhstan электрондық платформасында жүзеге асырылады. МТ объектіге шығу кезінде жұмыс беруші вакцина алған және вакцинациялаудан босату туралы құжаттары бар қызметкерлерді (7 күннен аспайтын мерзімдегі ПТР-зерттеулер, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсеткіштер немесе сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдар) көрсете отырып, толық тізім (аты-жөні, ЖСН) ұсынады. МТ іріктемелі түрде (қызметкерлер саны 50-ден 200 адамға дейін – қызметкерлердің кемінде 10%-ы, 201-ден 500-ге дейін-кемінде 5%, 501-ден 1000-ға дейін-кемінде 3%, 1000-нан жоғары-кемінде 1%) «ASHYQ» қосымшасы арқылы қызметкерлердің мәртебесін тексереді және жұмыс беруші ұсынған қызметкерлер тізімімен салыстырып тексереді.

«Жасылдан» басқа мәртебесі бар қызметкерлер анықталған жағдайда, оның вакцинациясыз жұмыс орнында болу құқығын беретін ақпараь (анықтама) сұратылады (мерзімі 7 күннен аспайтын ПТР-тестілеу нәтижесі, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсеткіштер немесе сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19 індетінен жазылған адамдар). Вакцинация тәртібінің бұзылғаны расталған жағдайда МТ нақты осы тұлғаларды көрсете отырып материалдар қалыптастырады және кейіннен шешім қабылдау үшін СЭС органдарына жібереді. Кәсіпорынға (басшыға не өзге уәкілетті тұлғаға) вакцинацияланбаған жұмыскерлерді қызмет объектісіне жіберуді шектеу қажеттілігі түсіндіріледі.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары МТ-тан келіп түскен материалдардың негізінде объектіге санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы Қаулы береді (жолдайды). МТ Қаулыда белгіленген мерзім ішінде қызметкерлерді жұмыс орындарына негізсіз жіберу фактілерін қайта анықтаған кезде жұмыс берушіні ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады. Жергілікті атқарушы органдар объектілерге әкімшілік шараларды қолдану нәтижелері бойынша объектінің «Ashyq» жобасына қатысуын тоқтата тұрады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img