spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Сандықтауда ардагерлер кеңесінің ХІІІ есептік-сайлау конференциясы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз
Сандықтау ауданының әкімдігінде ардагерлер кеңесінің ХІІІ есептік-сайлау конференциясы өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.
Конференцияны кеңес төрағасы Бақытжамал Сейітжанова ашып, өткізді. Кеңеске аудандық мәслихат хатшысы Гүлмар Қадырова, аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова, ардагерлер ұйымдарының төрағалары және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды: аудандық ардагерлер кеңесінің 2015 жылғы қазан – 2021 жылғы тамыз аралығындағы жұмысы туралы, Тексеру комиссиясының есебі, аудандық ардагерлер Кеңесін сайлау, ардагерлердің облыстық есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау.
Барлық деңгейдегі ардагерлер ұйымдарының міндеттері мен алдағы жұмыстары айқындалды. Конференция барысында Тексеру комиссиясының есебі тыңдалып, комиссияның жаңа мүшелері сайланды.
13 – ші аудандық есеп беру-сайлау конференциясы аяқталғаннан кейін марапаттау рәсімі өтті, онда еңбек сіңірген азаматтарға, ардагерлерге аудан әкімі мен облыстық ардагерлер кеңесінің алғыс хаттары табыс етілді.
Сәуле Жайылғанова аудан әкімі Ербол Жүсіпбековтің атынан ардагерлерге Сандықтау ауданының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика