spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
17.3 C
Kokshetau

Биыл 12,5 мың қазаққа қандас мәртебесі берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанға өзге елдерден 12 501 этникалық қазақ оралған және қандас мәртебесін алған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Елге оралған қандастардың басым бөлігі Өзбекстаннан келген.

  • Өзбекстаннан – 76%
  • Қытайдан – 9,8%
  • Түрікменстаннан – 6,8%
  • Моңғолиядан – 2,5%
  • Өзге елдерден – 4,9%

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,4%), Маңғыстау (19,5%), Түркістан (13,8%) және Жамбыл (8,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,4%) қаласына қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 27,1%-ды және зейнеткерлер 17,6%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11%-ы жоғары білімді, 39,4%-ы орта кәсіби білімді, 45,7%-ы жалпы орта білімді және 3,9%-ның білімі жоқ.

Айта кету керек, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 82,8 мың этникалық қазақ оралды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика