Қазгидромет 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің батысы, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы және солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын болмайды. Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі, батысы мен орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай облысының батысы мен солтүстік-батысында найзағай, тұман болады. Күндіз Ақмола, Қызылорда облыстарының солтүстік-батысында найзағай күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы облысында қатты ыстық болады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының батыс жартысында, Ақмола облысының оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында ауа температурасы жоғары болады.