spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Облыстық кітапханада қазақ, ағылшын тілдерін оқытатын курс ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ тілін оқыту курсының салтанатты ашылуы өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Кітапхананың көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, курста қазақ тілі мен ағылшын тілдері оқытылады. Оған кітапхана қызметкерлері қатысады. 

Дәрістерді Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айман Токушева оқиды. Курс аяқталған соң қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.

 Бұл курс осында қызмет істейтін өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету үшін ашылды. Оған мемлекеттік тілді жетік меңгергісі келетін  барша кітапхана қызметкерлері қатыса алады. Сонымен қатар мұнда ағылшын тілі де үйретіледі,-дейді  кітапхана директоры Құдайберлі Мырзабек.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған іс-шара Қазақстан халқы тілдері күніне арнайы ұйымдастырылды.

Шара барысында «Менің тілім – менің Тәуелсіздігім», «Мой язык – моя Независимость»,»My language is my Independence» атты кітап көрмесі таныстырылды. 

 Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова кітапхана ұжымына алдағы курстан өту жұмысына сәттілік тіледі. 

Тілдер онкүндігіне арнайы ұйымдастырылған шараға облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Қаратай Төлекеев, тіл жанашыры Мейрамбек Қиықов, облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамының төрағасы Марат Молдашев қатысты. 

Кеш сонында шараға қатысушылар Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әнін орындады. 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img