spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
2.6 C
Kokshetau

Фейк: «Ата-аналарды алдап, балаларды вакцинациялауға келісім беруге қол қоюға мәжбүрлейді»

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазнетте оқушылардың ата-аналарын балаларды КВИ қарсы вакцинациялау туралы келісімге қол қоюға мәжбүрлейтіндігі туралы хабарламалар таратылуда. Оларға диаскин-тест жасауға және тұмауға қарсы егуге ақпараттандырылған келісім бланкісі беріледі екен. Оған қол қойған ата-ана баласын КВИ қарсы егуге рұқсат береді. Бұл фейк.

Шын мәнінде, мұндай бланкілер қазақстандық оқушылардың ата-аналарына берілмейді. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл жағдайға қатысты пікірін білдірді.

– Диаскин тест – бұл адамның туберкулезбен ауыратындығын анықтайтын нақты тест. Ол барлық балаларға бірдей жасалмайды. Оны Манту сынамасы оң нәтиже берген мектеп оқушыларына ғана жасайды. Диаскин-тест мектептерде емес, туберкулез диспансерлерінде және тек ата-аналардың келісімімен ғана жасалады. Тұмауға қарсы вакцинация да мектеп қабырғасында жүргізілмейді. Оның үстіне, бүгінгі күні Қазақстанда да, әлемде де бір уақытта тұмаудан да, КВИ-ден де қорғайтын поливакциналар жоқ, – деп мәлімдеді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Демек, ата-аналарды балаларды егуге келісімге қол қоюға мәжбүрлейтіні туралы ақпарат фейк. Елімізде диаскин-тест те, тұмауға қарсы вакцинация да мектептерде жүргізілмейді.

Балаларды КВИ-ге қарсы егу туралы ақпарат бұған дейін де тараған. Біз COVID-19-ға қарсы екпені Манту деп салады, мектеп асханаларында айран мен йогуртқа қосады, тіпті балалардың мұрнына спрей түрінде себеді деген қауесеттерді жоққа шығарған болатынбыз.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика