spot_img
Жексенбі, Тамыз 3, 2025
13.6 C
Kokshetau

QazVac вакцинасын клиникалық зерттеу аяқталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Отандық QazVac вакцинасының үшінші кезең бойынша клиникалық зерттеу жұмысы аяқталды. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, коронавирусқа қарсы QazVac қазақстандық вакцинаның авторы Күнсұлу Закарья мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде үшінші кезең бойынша барлық клиникалық зерттеу аяқталып, 9 шілде күні соңғы талдау нәтижесі алынды. Шілденің соңына дейін талдау нәтижесі тағы бір өңделіп, мәліметтердің статистикасы жасалды. Бұл жұмысқа 3 мың адам қатысып отыр.

Сондай-ақ, шілденің соңында клиникалық зерттеудің қорытынды есебі әзірленді. Қазіргі күні қорытынды есеп Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сараптауынан өтіп жатыр, оның нәтижесі әлі келген жоқ. Дегенмен біздің әзірлеген есепке қарап, алғаш отандық вакцинаны клиникалық зерттеу сәтті жүргізілді деп айтуға болады», – деді Күнсұлу Закарья ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, отандық ғалым QazVac-тың үшінші кезеңіне қатысты қорытынды есеп оң баға берілген жағдайда отандық вакцина туралы ғылыми мақалалардың жарық көретінін айтты.

«Егер QazVac-тың үшінші кезеңі бойынша барлық клиникалық зерттеу есебін Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы мақұлдаған жағдайда біз қазақстандық вакцина туралы көпке танымал журналдарға мақала жария етпекпіз. Мақсат- отандық ғылымның жетістігін дәріптеу. Әзірге қандай журнал және мақаланың қай уақытта жарияланатыны белгісіз», – дейді ол.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды

Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық жұмысын бастайды. Жаңа құрылым азаматтардың сенімді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика