spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Республиканың батыс, солтүстік-батыс өңірлері циклон жырасының ықпалында және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдерде болғандықтан жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Еліміздің қалған аумағына антициклон жотасы әсер етеді, сондықтан басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл соғып, батысында бұршақ жауды, дауыл соғады», – делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ, батыста жел күшейеді, облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысында түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, түнде батысында, солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жел күшейеді.

Атырау облысының түнде солтүстігінде және орталығында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында түнде батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды, түнде екпіні 17-22 м/с, күндіз солтүстікте 15-20 м/с жел күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығы мен батысында шаңды дауыл соғады, 15-20 м/с жел күшейеді.

Қостанай облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, Қарағанды облысының батысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл облысының оңтүстігінде және оңтүстік-батысында, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Алматы облысының орталығы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img