spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
8.2 C
Kokshetau

Пышақпен қоқытып, ұялы телефонын тартып алған

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды.  Күдіктілер ер адамды пышақпен қорқытып, ұялы телефонын тартып алған, деп хабарлайды Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылы тамыздың 27-де Көкшетау қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Ер адам Вернадский көшесінің бойындағы дүкендердің бірінің маңында белгісіз адамдар пышақпен қорқытып, одан «Lenovo» маркалы ұялы телефонын тартып алғанын айтты. Материалдық шығын сомасы 60 000 теңгені құрады.

«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тұрғын үй аулаларын аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді, жәбірленушіден жауап алды. Нәтижесінде бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы күдіктілер мінген көлік пен оның жүру бағыты анықталды», – деді ведомстводан.

Жедел-тергеу шарасы барысында 31-48 жас аралығындағы үш күдікті анықталып ұсталды. Күдіктілердің екеуі бұрын Қылмыстық кодекстің 297, 296 және 191 баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылған.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 192 бабының 2-ші бөлігі «қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», – деді толықтырды ведомстводан.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдығы – достық пен татулықтың мерекесі

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Чинсон» корей мәдени орталығының 35 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика