spot_img
Жексенбі, Тамыз 3, 2025
13.6 C
Kokshetau

Бас санитар қаулысы: Вакцина паспорты Қазақстанда жарамды елдердің тізімі жаңарды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың тағы бір қаулысы жарияланды. Құжат бойынша Қазақстанда вакцина паспорты жарамды елдердің тізімі жаңартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Түркия Республикасының вакцина паспорттары Қазақстан аумағында жарамды екені айтылған.

«Осы қаулымен бірге берілген, 3-қосымша бойынша, құжаттардың үлгілеріне сәйкес Мажарстан, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы және Түркия Республикасы азаматтарының паспорттары/ сертификаттары/ анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», – деп жазылған құжатта.

Құжаттың мәтінімен мына сілтемеден танысуға болады. Еске салсақ, Бас санитар дәрігердің бұған дейінгі қаулысы бойынша вакцина алмаған қызметкерлерін штаттық жұмысқа жібермеуге міндеттелген нысандардың тізімі өзгертілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды

Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық жұмысын бастайды. Жаңа құрылым азаматтардың сенімді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика