Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Заңтану кафедрасының оқытушысы, Бизнес және жоғары мектебінің заң ғылымдарының магистірі Ерлан Мырзаханов Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жұмыстарына байланысты ғылыми тұрғыда баға берді.
«ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың « Жаһандық жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына Жолдауы бір жағынан, дағдарысқа қарсы шаралардың теңдестірілген жоспары, екінші жағынан – орта мерзімді перспективаға арналған реформалардың дәйекті бағдарламасы болатыны айқын. Халықаралық жағдай қарқын алып келе жатқан сауда соғысымен және әлемнің жетекші державалары – АҚШ пен Қытай арасындағы геосаяси қарама-қайшылықтармен, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азиядағы аймақтық қақтығыстардың шиеленісуімен, мұнай бағасының жоғары құбылуымен күрделене түсуде.
Бұл жағдайда Қазақстан салиқалы және айқын стратегияны таңдады – дүниежүзінде коронавирус індетінің таралу қарқынын тежеу, халықтың неғұрлым осал топтарына, шағын және орта бизнеске, өндірістік секторларына мемлекет тарапынан көмек беру болып табылады.
Қазір – экономикалық қызмет кезең-кезеңімен қалпына келтіріліп жатқанда экономиканы тұрақтандыру жөнінде стратегиялық сипаттағы шараларды қабылдау маңызды. Ол үшін бұрынғы жеткізу тізбектерін қалпына келтіру, тоқтатылған жобаларды қайта іске қосу, шетелдік инвестициялардың келуін қамтамасыз ету, ұлттық экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларды жүзеге асыру қарастырылған.
«Жалпыұлттық жоспардың көптеген тармақтары Президент Жолдауының «жаңа жағдайдағы экономикалық даму», «әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында» және «қолжетімді әрі сапалы білім» сияқты бағыттарына жататыны қисынды болып саналады. Қазақстандық білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға қатысты тармақтары қарастырылып толыққанды оқу процесін қамтамасыз ету болып табылады, ол айқын.
Оның қажеттігі білім беру жүйесінің қашықтан оқытуға көшу кезеңінде ерекше көрінді. Жолдауда «цифрландыру – барлық реформалардың негізгі элементі» сияқты бағытын, «теңгерімді аумақтық даму» көздейтіні анық.
Сонымен қатар, жолдауда «азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты» және «азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы» сияқты маңызды бағыттарды жүзеге асыру қарастырылған.
Соның арқасында қоғамда көп талқыға түскен қаржы ұйымдарының басқаруындағы өз жинақтарының бір бөлігін пайдалануға және халықтың ауыл әкімдерін сайлауын енгізуге мүмкіндік берілмек.