spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
11 C
Kokshetau

Президентіміздің Жолдауы еліміздің болашағы үшін маңызды

Сондай-ақ...оқыңыз

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар ел Президенті  халқымызға өз Жолдауын арнады. Білім күнімен қатар келуі әрбір азаматтың оның ішінде ұстаздар қауымының ерекше назарын аударды. 

Мемлекет басшысы бүкіл әлемді алаңдатып отырған індетпен күрес жолдарын, осы індеттің біздің елімізге әкелген зияны мен зардабын айта келіп, мемлекетіміздің алдағы дамуына, азаматтардың табысы мен жұмыс орындарының сақталуына, ел тұрғындарының денсаулығына баса назар аударуды тапсырды.Аумалы-төкпелі қазіргідей заманда жұмылған жұдырықтай, береке бірлікте болуымызға шақырды.

Мен ұстаз ретінде Президент Жолдауын зор ықыласпен тыңдадым. Болашағымыз жастарға қаншама мүмкіндіктер ашылып отыр. Елге қажетті мамандарды даярлауға аса көңіл бөлініп отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлының әр Жолдауында айтылған тапсырмалары жүзеге асып жатқанына куә болып келеміз.

Ұстаздар мен дәрігерлердің жалақысының өсуі, баспананы жақсарту үшін зейнетақы жарнасының бір бөлігін пайдалану бұрынғы Жолдауларда айтылып, жүзеге асқандары. Ал алдымыздағы жылы мәдениет саласы қызметкерлеріне жалақы өсетін болып отыр. Қай саланың болмасын дамуы еліміздің тағдыры үшін аса маңызды. Қазіргі қоғам білімді жастардың қоғамы. Жастардың денсаулығын, толыққанды білім алуын, спортпен шұғыдлдануын басты назарда ұстаумыз аса маңызды.

Президентіміз өз Жарлығымен Қосшы қаласына облыстық маңызы бар қала мәртебесін берді. Барлық қосшылықтардың көптен күткен қуанышы бұл. Қаламыздың қарыштап дамуы мен көркеюі, инфрақұрылымның жақсаруы, білім, мәдениет, спорт нысандарының салынуы үшін барлығымыз жауаптымыз.

Бұл мақсатта Жолдауды басшылыққа ала отырып, жергілікті билікке қолымыздан келгенше қолдау білдіріп, жастарға үлгі болуымыз керек деп санаймын. Президентіміз Жолдауда айтқандай аға буын өкілдері біздер бар біліміміз бен тәжірибемізді еліміз бен қаламыздың игілігіне жұмсауға тиіспіз.

 Айсұлу Сәрсенбаева,

Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі,

Қосшы қаласы Жергілікті Қоғамдастықтың мүшесі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img