spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

«Nur Otan» партиясының бастамасымен оқушылар мектеп құралдарымен қамтылды

Сондай-ақ...оқыңыз
«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы «Баланы мектепке дайындайық!» акциясының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды «Аqmola News»ақпарат агенттігі. 
«Бақытты отбасы» партиялық жобасын жүзеге асыру аясында тамыздың 1-і мен 30-ы аралығында облыстық және аумақтық филиалдары көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке әзірлеуге көмектесті.
Игі шараға облыстық және аудандық мәслихат депутаттары түгел қатысып, нәтижесінде 12 миллион теңге көлемінде қаражат жиналды.
 400-ге жуық оқушыға кеңсе тауарларымен қатар мектеп және спорт формасы, аяқ киімдер сатып алынды.
Басымдық бірінші сыныптың оқушыларына берілді.
Мәселен, акция аясында облыстық мәслихат депутаты, «Kazyna SR» ЖШС-нің жетекшісі Сайра Матайбаева Целиноград ауданы Қосшы ауылындағы «Дара» мектеп-лицейінің 20 шақты бірінші сынып оқушыларына қажет мектеп және кеңсе тауарларын алып беруге 500 мың теңге бөлген.
Айта кетейік, аталған мектеп халық қалаулысының жеке қаржысы есебінен 2019 жылы салынған болатын.
Бүгінде білім ошағы депутаттың қамқорлығында.
Жарқайың ауданындағы «Асан» шаруа қожалығының жетекшісі М.Абдраманов Құмсуат ауылындағы әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы отбасының 45 баласына 450 мың теңге көлемінде қаржы бөліп, мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алып берді.
Осы ауданның Костычево ауылындағы «Колос Локтин» серіктестігінің жетекшісі Д.С.Локтин ауыл мектебіне интерактивті тақта сатып алуға 800 мың теңге бөлді.
Халық қалаулылары оқушыларды мектепке дайындаумен қатар ауылдағы кадр тапшылығын шешуге де ат салысуда.
Нақтырақ айтсақ, облыстық мәслихат депутаты Әбдірахман Ошақбаев Егіндікөл ауданындағы Қоржынкөл ауылында ұстаздарға екі үй бөліп, педагогтарға дайындап қойды. Сонымен қатар 1-ші сыныптың оқушыларына кеңсе тауарларын алып беруге 100 мың теңге бөлді. Мектептегі бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту да – Әбдірахман Тілеуғабылұлы басқаратын серіктестіктің есебінен жүргізіледі.
Партия филиалының баспасөз қызметінің берген мәліметіне сәйкес, биыл жалпы оқыту қорынан әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға 249,4 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде 13180 оқушыға (оның 1083-і бірінші сыныптың оқушысы) материалдық көмек көрсетілді.
Ал, сырттан тартылған қаржылай көмектің көлемі 30 миллион теңгені құрады. Яғни, ел болып жұмылып, оқушылардың лайықты білім алуына жағдай жасалуда,-делінген партияның ресми парақшасында.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img