spot_img
Жексенбі, Тамыз 3, 2025
11.9 C
Kokshetau

2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 2 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Республиканың басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен оңтүстік-шығыста таулы аудандарда, батыста, шығыста және орталықта найзағаймен жаңбыр, күндіз батыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, батыста дауыл, оңтүстік-шығыста, батыста бұршақ, солтүстік пен орталықта тұман түседі», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінде.

Күндіз Атырау облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады, жел найзағай кезінде 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз батыста, солтүстік-батыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте, орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде шығыста найзағай ойнайды, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл облыстарында таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз Ақтөбе облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік түседі.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл, Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды

Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық жұмысын бастайды. Жаңа құрылым азаматтардың сенімді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика