Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Құқықтану каферасы ұжымы да ыждахатпен тыңдады. Заң ғылымдарының докторы Еразақ Тілеубергенов пен аталмыш кафедраның оқытушысы Анар Сокова Жолдаудағы адам құқығын қорғауға бағытталған тармақтарға тоқтала келіп, ең бастысы халықты қорғауға басымдық берілгені қуантатынын жеткізді.
Ең бастысы адам құқығын қорғау, халықты қорғау! Мемелекет үшін халқын қорғаудан құнды ештене жоқ. Мемелекет басшысының жолдауында тәуелсіздікті, мемелекеттілікті, ұлттық мүдделерді, ұлттық құндылықтарды, ұлт саулығын, болашақты, жас ұрпақты, мәдениет пен өнерді, экономиканы, экологияны, адам құқығын қорғау секілді сан-салалы мәселелер қамтылды, дейді Еразақ Тілеубергенов.
Заң ғылымдарының докторы Жолдаудағы Адам құқығын қорғау жөніндегі кешенді жоспарлардың тізімін төмендегідей түсіндірді:
- Адам құқығын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру
- Құқық қорғау жүйесінде басталған елеулі өзгерістерді аяқтау
- Сот қызметіне заманауи үлгіні еңгізіп, артық сот үдерістерін қысқарту
- Прокурорлық қадағалаудың жеделдігін арттыру
- Ішкі істер органдары осы салаға тән емес бірқатар функцияларды қысқарту
- Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру, соның ішінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға айрықша назар аударды.
- Адвокаттардың құқығы туралы ұмытпаған жөн деп тоқталып өтті
Жоғарыда аталған шаралардың бәрі саяси жүйені және адам құқығын қорғау ісін жетілдіруге бағытталған еліміздің стратегиялық бағдарламасының құрамдас бөлігі болып саналады.
Ал, Анар Сокованың айтуынша, ел Президентінің халыққа жолдауындағы заң саласына қатысты қабылданған шешімдер мемлекеттің іргетасын құлатпауға, саланы одан әрі дамытуға бағытталған.
Бұл жолғы Жолдаудың тағы бір құндылығы сол мемлекет басшысы стратегиялық басымдықтар сыртында 5 нақты президенттік бастамасын жәрия етті. Бірнеше миллион қазақстандықты қамтитын бұл бастамалар азаматтардың көкейкесті проблемаларын шешуге бағытталған. Осылардың арқасында Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы, тұрмыс деңгейі, әл-ауқаты өрлеуге бет алады деп толық сенемін,-дейді Анар Сокова.