spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 16, 2025
15.2 C
Kokshetau

Көкшетауда параолимпиада чемпионы Давид Дегтяревке құрмет көрсетілді   

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада Токиода өткен параолимпиада ойындарының чемпионы атанып, әлемге әйгілі болған Давид Дегтяревке құрмет көрсетілді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Көкшетау жаңадан ашылған аспан асты амфитеатрда облыс әкімі Ермек Маржықпаев елдің намысын төрткүл әлем алдында шырқау биікке көтерген спортшыға құттықтау сөзін арнап, барлық ақмолалықтардың атынан үш бөлмелі пәтер сертификаты мен жаңа «Тойота Камри» автокөлігінің кілтін ұстатты.

         «Токиода өткен XVI параолимпиада ойындарында чемпион атанған жерлесіміздің есімі өңірдің спорттық жылнамасына енгізілді. Облыс спортшылары ел намысын әлемдік додаларда лайықты қорғап жүр. Шаңғы спортынан олимпиада чемпионы Владимир Смирнов, 1988 жылы өткен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Владимир Сахнов, Азия ойындарының күміс жүлдегері Мария Грабовецкая, бокстан әлем чемпионы Дина Жоламан сияқты спортшыларымыздың әйгілі есімдерінің қатына Давид Дегтярев те қосылды», – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

Жиын барысында Давидтің жаттықтырушысы Юрий Колесниковке де 5 миллион теңгенің сертификаты тарту етілді.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Арлан Қазақстан чемпионатының үш дүркін жеңімпазы атанды

Қазақстан чемпионатының плей-офф финалы аясындағы серияның төртінші кездесуінде көкшетаулық «Арлан» Өскеменнің «Торпедосын» 2:1 есебімен жеңіп, Pro Hokei лигасының үш...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика