spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Коронавирус жүрек-қан тамыр ауруларының асқынуына әкеледі – кардиолог

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматыдағы кардиология орталығында коронавирус және жүрек дертіне шалдыққан 2 мыңға жуық науқас емделді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында орталық директоры Алмат Қодасбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмат Қодасбаевтың айтуынша, Алматы қаласының кардиологиялық орталығында 260 төсек-орын қайта жасақталды, мекеме екі айдан бері инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеп жатыр. Онда жүрек-қан тамырлары аурулары мен коронавирусқа шалдыққан науқастар емделеді.

«Биыл Алматы кардиологиялық орталығы екінші рет бірінші эшелонды ауруханаға қайта профилденді. Инфекциялық стационарларға дейін мекеме осы жылдың наурыз және сәуір айларында жұмыс жасады. Бұл жұмыс 24 шілдеде екінші рет қайта форматталды. 500-ге жуық дәрігер мен медбике тәулік бойы көмек көрсетеді»,- дейді ол.

Жүрек орталығы директорының сөзінше, жүрек тіні коронавирус ауруы кезінде сезімтал болады.

«Ауруға ең сезімтал – жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті немесе семіздікпен ауыратын адамдар. Олардың ауруы өте қиын, мұндай науқастар ұзақ емделуді қажет етеді. Биыл біздің кардиологиялық орталықта 1 950 адам емделіп шықты. Бүгінгі таңда төсек сыйымдылығы 80%-ды құрайды. Науқастарды емдеуде біз қазіргі заманғы жабдықты қолданамыз, коронарлық ангиографияны жүргіземіз, экстракорпоралды мембраналық оксигенация (ЭКМО) аппаратын қолданамыз. Барлық дәрігерлер Нұр-Сұлтан қаласының кардиохирургиялық орталығында оқып келді», – деді Алмат Қодасбаев.

Кардиологиялық орталықта коронарлық ангиографияның көмегімен жүрек тамырлары зерттеледі.

«ЭКМO аппараты газ алмасу функциясын орындайды. Біз бұл құрылғыны алты науқасты құтқару үшін қолдандық. Қазіргі уақытта құрылғыға екі адам қосылған. Бір науқас №2 перзентхананың жансақтау бөлімінде жатыр, біздің дәрігерлер оның жағдайын сол жерде бақылайды», – деді спикер.

Сонымен қатар, кардиологиялық орталықтың дәрігерлері басқа инфекциялық ауруханаларда ауыр науқастарға кеңес береді. Қазірдің өзінде 10 мыңнан астам онлайн кеңес берілді.

«Бұл ауру жүрегінде сырқаты бар жандарды қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Ауыр зардаптардың алдын алудың жалғыз жолы – коронавирусқа қарсы вакциналану. Вакцина коронавирус тудыратын қан ұйығыштардың алдын алады. Covid-19 жүрек-қан тамыр ауруларының асқынуына әкелетіні шындық. Жүректің ишемиялық, тромбоэмболиялық дертті асқындырып, жүректі әлсіздендіреді. Науқастардың бұл тобы өз өмірін құтқару үшін міндетті түрде вакцина туралы ойлануы керек», – деді Алмат Қодасбаев.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img