spot_img
Сенбі, Мамыр 24, 2025
8.7 C
Kokshetau

28 тамызға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 28 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде әліде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жауады», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысының таулы және тау бөктері аудандарында найзағай ойнайды, Жамбыл облысында бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысында таңертең және күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының шығысында найзағай ойнайды.

Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл соғады, түнде облыстың солтүстігінде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-23 м/с жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады, түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика