spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Тоқаев Ядролық сынақтарға толық тыйым салу туралы шарт ұйымының басшысын қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға толық тыйым салу туралы шарт ұйымының басшысы Роберт Флойдты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы австралиялық маманды Ядролық сынақтарға толық тыйым салу туралы шарт ұйымының Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы болып сайлануымен құттықтап, аталған ұйымның жұмысы Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті.

– Сіз осы саладағы тәжірибелі, ядролық қарусыздану мәселелері бойынша танымал сарапшысыз. Біз сіздермен тығыз жұмыс істеуге бейілдіміз. Қазақстан бұл ұйымның жақын әрі сенімді серіктесі болып қала береді. Менің Әкімшілігім мен Үкімет Ұйымның жұмысын күшейту мақсатымен тығыз әрі тұрақты байланысып тұрады, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Флойдтың Қазақстанға сапары Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. Осыдан 30 жыл бұрын Семей полигоны жабылған болатын. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары ретінде Женевадағы жұмысының тәжірибесімен бөліскен Мемлекет басшысы әлемдік қауымдастыққа ядролық қаруды таратпау және қарусыздану туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды деді. Роберт Флойд Мемлекет басшысының көрсеткен құрметіне ризашылығын білдірді.

– Ұйымның дайындық комиссиясының хатшысы болып сайланғаннан кейін мен кездескен алғашқы Мемлекет басшысы – Қазақстанның Президенті болуының символдық мәні бар. Сондықтан бұл – мен үшін ерекше күн, – деді дипломат. Роберт Флойд Семей полигонының аумағы мен Курчатовтағы ҚР Ұлттық ядролық орталығынан алған әсерімен бөлісті.

Сондай-ақ жұмысының басым бағыттары, соның ішінде жастар мен ұйымның көрнекті қайраткерлерінің жұмыстарын ілгерілету туралы айтты. Кездесу соңында тараптардың Қазақстанның ядролық қаруға қарсы бастамаларын ілгерілету мен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт бойынша тығыз ынтымақтастыққа дайын екендері айтылды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика