spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
22.2 C
Kokshetau

Қорғаныс министрі Жамбыл облысына барды

Сондай-ақ...оқыңыз

Еліміздің Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлері бастаған комиссия мүшелері Жамбыл облысына барды. Бұл туралы еліміздің Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Қорғаныс министрі оқиға орнында Жамбыл облысының әкімімен, Төтенше жағдайлар министрімен, мемлекеттік органдардың жедел штаб басшыларымен кеңес өткізді. Оқиға салдарын жою мақсатында барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қарулы Күштер бөлімшелерінің, төтенше жағдайлар департаментінің, ішкі істердің, әкімдіктің, медициналық мекемелердің іс-қимылдары үйлестірілген.
Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыстар тоқтады. Инженерлік оқ-дәрілер жердегі қоймаларда сақталады. Қоймаларда жер асты сақтау орындары жоқ. Осы әскери бөлімде оқ-дәрілердің басқа түрлері (артиллериялық, реактивті, зымырандық, атыс) сақталмайды. Инженерлік оқ-дәрілер арасында жарылыс кезінде сынықтары мен ірі қалдықтары ұшатын снарядтар жоқ. Сонымен қатар түрлі жарылғыш заттардың жанып, жарылуы салдарынан соққы толқыны, ауқымды жалын мен қатты дүмпулер орын алуы ықтимал.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика