spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Жаңа оқу жылында СҚО мектептеріне 350 жас маман қабылдау жоспарланған

Сондай-ақ...оқыңыз

Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептер жаңа оқу жылында 350 жас маманмен толығады. Олардың алды өтінішін жазып та қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстың білім беру жүйесінде 16 мың педагог жұмыс істейді. Биыл олардың қатары тағы 350 жас маманмен толығады деп жоспарланған. Олардың 49-ы бүгінге дейін Петропавл мектептеріне өтініштерін берді. Петропавлдағы № 5 орта мектепке 6 жас маман жұмыс істеуге келді. Солардың бірі – Сара Жетпісбаева балаларға қазақ тілі мен әдебиеттен сабақ бермек. Дипломын жуырда алған мұғалімге тәжірибелі ұстаз әдістемелік көмек көрсетеді.

«Мұғалім болу бала кезгі арманым. Ол үшін әуелі Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары педагогикалық колледжін тәмамдадым, биыл Еуразиялық ұлттық университетіне оқуға түстім, қашықтан оқимын. Маған орта буын – 5-6 сыныпты берді. Ұстаз болу оңай емес, шыдамдылықты, табандылық пен қызығушылықты талап етеді. Жақсы маман болуға тырысамын», – дейді Сара Жетпісбаева.

Орта мектепте қазір 61 ұстаз еңбек етеді. Жаңадан келген қазақ, орыс, ағылшын тілдері және өзін-өзі тану пәндерінің мұғалімдері қосымша сыныптардың ашылуына орай жұмысқа қабылданып отыр.

«Биыл жас мамандарды жұмысқа қабылдау тәртібінде өзгешелік бар. Олар қызметіне кіріспес бұрын теориялық білімін, педагогика мен психология қабілеттерін көрсететін ұлттық біліктілік тестілеуінен өтеді, бұл жайында сертификат беріледі. Жалпы біз жас мамандармен бір жылға келісімге отырамыз. Оларға барынша көмектесіп, тәжірибелі мамандарды бекітіп, жақсы маман болып қалыптасуына жағдай жасаймыз», – дейді мектеп директоры Ирина Ельцова.

Биыл СҚО-да «химия – биология», «физика-информатика», «математика – информатика», «география – тарих» мамандықтары бойынша алғашқы мамандар даярланды. Сондай-ақ, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің 143 түлегі «ағылшын тілін білетін математика пәнінің мұғалімі» «ағылшын тілін білетін бастауыш сынып мұғалімі», «ағылшын тілін білетін мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» мамандықтары бойынша диплом алды. Жастардың көбі еңбек жолдарын ауылдарда бастамақ.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img