spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмоланың үздік ұстаздары марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Ақмола облысының педагогтарының «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» атты дәстүрлі тамыз кеңесі өтіп, оған облыс әкімі Ермек Маржықпаев пен білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты, деп хабарлайды «Aqmola News».

Дәстүрлі тамыз кеңесі Көкшетау қаласындағы балалар және жәсөспірімдердің «Bolashaq Saraiy» ғимаратында ұйымдастырылды.
Конференция жиыны еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жаңа оқу жылында қазақстандық білім берудің негізгі басымдықтарын талқылауға бағытталды

Конференция жұмысына облыстық білім басқармасы басшылары мен орынбасарлары, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен мектепдердің, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдер мен тәрбиешілер қатысты.

Жаңа оқу жылы елдің ведомствоаралық комиссиясының шешімі бойынша дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік пен оқу процесіне қатысушылардың денсаулығын сақтау үшін барлық санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылданады.

«Өткен оқу жылында пандемиядан білім және ғылым саласындағы жағымсыз жайларды төмендетуде зор күш жұмсалды. Ендігі кезекте қазақстандық білімнің сапасын одан әрі арттыру және шығынның орнын толтыру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Ғалымдар білім саласындағы бұл кезеңнің орнын толтыру бір жылға тіпті екі жылға дейін созылуы мүмкін екенін айтады», – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Пленарлық бөлім жұмысында кадрларды даярлауда бизнеспен өзара тиімді ынтымақтастық, жалпы облыста және елімізде білім саласының даму перспективалары талданды.

««Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдаралмасына сәйкес бес жыл ішінде 38 мектеп салу және 470 мектепті қайта жаңғырту міндеті қойылған. Биылдың өзінде 10 жаңа мектеп нысаны пайдалануға беріліп, 94 мектеп жаңартылды», – дейді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

Пленарлық жиын соңында бірқатар облыстың үздік педагогтары «Ыбырай Алтынсарин», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен және 100 мың теңге ақшалай сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының үздік қызметкерлері ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Сарай фойесінде «Тәуелсіздік жылдарындағы Ақмола облысының білім беру саласының дамуы» тұасаукесер көрмесі ұйымдастырылды. Онда білім саласындағы үздік материалдар, білім және тәрбие саласындағы оқу-әдістемелік кабинеттердің материалдары назарға ұсынылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img