spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
2.2 C
Kokshetau

Конститутция күні: Көкшетаулық үздік қызметкерлер марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда ҚР Конституциясы күні қарсаңындағы салтанатты іс-шара таза ауада өтті. Әр түрлі саладағы қызметкерлерге марапаттар берілді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Бірқатар қызметкерлер қалалар, ауылдар, аудандық маңызы бар кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен, медицина қызметкерлерін – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»төсбелгілерімен марапаттады.

«Медикус» медициналық орталығының санитары Жанар Забекова қайтыс болғаннан кейін «Мейірім»медалімен марапатталды.

Марапаттарды облыс әкімі Ермек Маржықпаев құқық қорғау, мәдениет, спорт салаларының өкілдеріне табыстады.

«Конституция ережелеріне сүйене отырып, біз ел мен өңірді дамытуға бағытталған маңызды міндеттерді одан әрі шеше аламыз, барлық азаматтарымыздың әл-ауқатының жоғары деңгейіне қол жеткізуге қарай ілгерілеуге тиіспіз. Біздің жерімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын», – деді аймақ басшысы.

Шара соңында мерекелік концерт жалғасын тапты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Авторлық құқықтың негізгі объектiлерi

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар азаматтық-құқықтық институты әдебиет, ғылым және өнер туындыларын жасау және пайдалану саласындағы мүліктік емес қатынастарды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика