spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Мереке қарсаңында еліміздің көк байрағы Көкшетаудың ең биік нүктесінде желбіреді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаудың орталық алаңында 30 тамыз ҚР Конституциясы күні қарсаңында ірі көлемде патриоттық акция ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының көк байрағы 100 метр биіктікке орнатылды. Енді Тәуелсіз Қазақстанның көк туы Көкшетаудың ең биік нүктесінде желбіреп тұратын болады,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Флагштоктың ресми ашылуына қатысқан облыс әкімі барша ақмолалықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.

Бүгінгі мерекенің орны бөлек, мәні жоғары.
Себебі еліміздің Ата заңы  халқымыздың бірлігінің, оның жоғары патриотизмінің және болашаққа деген сенімінің  символы болып табылады. Тәуелсіздігіміздің 30 жылында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында айтулы өзгерістер болды. Еліміздің аграрлы-индустриалды аймағы ретінде облысымыз Елорданың азық-түлік белдеуін қалыптастыруда көш бастады. Бүгінде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 605 миллиард теңгені құрады,-деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Сонымен қатар облыс әкімі 10 жас азаматқа жеке куәлігін табыс етті.

Шара аясында кәмелеттік жасқа толып, алғаш рет жеке басын куәландыратын құжатқа қол жеткізген жеткіншектер өз сезімдерімен бөлісті.

Биылғы ҚР Конституциясы күні мерекесі Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр. Міне, осындай ерекше жылы, ерекше жағдайда мен өз жеке куәлігімді облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қолынан алдым. Сондықтан бұл мерекенің мен үшін одан әрі де қадірі арта бермек. Өз басым Ата заң азаттығымыздың, болашағымыздың жарқындығының айғағы деп білемін,-дейді Көкшетау қаласы № 16 орта мектебінің оқушысы Камила Сейтқалиева.

Айта кетерлігі, биылғы мереке қарсаңында 200 көкшетаулық отбасы жаңа пәтерге қоныстанбақ. Құқық қорғау, құтқару және экологиялық қызметтер үшін 44 бірлік арнайы техника жаңартылды. Сонымен қатар барлығы 17 әлеуметтік және өнеркәсіптік нысанның пайдалануға берілуі жоспарланған.

Еске сала кетсек, келесі жылы еліміз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын атап өтеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img