spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда түрлі қызметтер үшін 44 бірлік жаңа көліктің кілті табысталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда ҚР Конститутциясы күні мерекесі қарсаңында облыс әкімі Ермек Маржықпаев құқық қорғау, құтқару және экологиялық қызметтер үшін барлығы 44 бірлік арнайы техниканың кілттерін табыс етті,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Салтанатты шара басында сөз сөйлеген аймақ басшысы ақмолалықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтап, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында орын алған өзгерістер мен аймақтың айтулы жетістіктеріне қысқаша қорытынды жасады.

Біздің қоғамымызда құтқару қызметкерлерінің абырой-беделі өте жоғары. Олар өз міндетін жылдам әрі дұрыс орындауға әрқашан дайын. Ең қиын жағдайларда тез шешім қабылдап, көмек көрсете алады. Біздің өңір үшін  табиғатты қорғау қызметтерінің  ерекше маңызы бар. Өлкеміздің табиғи байлықтарын сақтау және көбейту сіздердің жұмыстарыңызға байланысты,-деді аймақ басшысы шара барысында.

Облыс әкімі 14 полиция көлігін, 3 өрт сөндіру техникасын, 17 трактор және екі бірлік коммуналды қызмет үшін арнайы техникасын, 4 Қазпошта қызметі көлігін, 4 білім басқармасына оқушылар тасымалына арналған газель және автобус кілттерін табыс етті.


Бүгінде міне, аймақта осылайша ескірген автопаркті ауыстыру бойынша жоспарлы түрде жұмыс жүргізілуде.
Бұл материалдық-техникалық базаны жақсартып, жұмыстың тиімділігі мен сапасына оң әсер ететініне сенім қалыптастырмақ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img