spot_img
Сенбі, Сәуір 19, 2025
3.2 C
Kokshetau

Танысына 2 млн теңге несие алдыртып, төлемей қойған

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық тұрғын танысына 2 миллион теңге несие алдыртып, артынша төлемей кеткен. Осыған байланысты күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы 24 тамызда Целиноград аудандық полиция бөліміне алаяқтықтың құрбаны болған Нұр-Сұлтан қаласының 49 жастағы тұрғынынан арыз түскен.

«Ер адам ағымдағы жылғы 16 наурызда танысының сеніміне кіріп, банктен оның атына 2 миллион 565 мың теңге сомасында несие ресімдеген. Кейін ақша қолға тиген соң оны төлемеген», – деді ведомстводан.

Бұл іс Қылмыстық кодекстің 190 бабының 1-ші бөлігі «алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу барысында істің мән-жайы анықталып жатыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика