Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімді мақұлдады.
1. Ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап рұқсат беріледі: Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – Ashyq қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін; сенбі күні-қоғамдық көлік қызметіне.
2. Ағымдағы жылдың 30 тамызынан бастап жұмыс күндері: Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, Ashyq жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды. Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантин шаралардың жеңілдетілуін 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Премьер-Министрдің орынбасары ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмалар берді: медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау; санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету; педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында Ashyq жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету; білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.
ВАК отырысында Премьер-Министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырмалар берді.