Ақмолалық полицейлер дің «Тұлпар 17» экипаж тобы жол қозғалысын бақылау кезінде кешкі жетілер шамасында Макинск қаласында көлікте мас күйінде жүргізген жүргізушінің ұстады, деп хабарлайды «Aqmola News».
Оқиға 23 тамыз күні болған. Әдеттегідей кезекшілік атқарған полиция лейтенанттары Бахтияр Мұратов пен Сәулет Олжабаев жедел-профилактикалық шара барысында «УАЗ» автокөлігін тоқтатқан.
41 жастағы ер адамның медициналық куәландыу қорытындысына сәйкес көлікті мас күйінде айдап келе жатқаны анықталды. Тексеріс барысында азамат осыдан үш жыл бұрын көлікті басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.
«Қазір аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 346 бабының 1 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізуші Бұланды ауданының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр», – деп толықтырды полиция департаментінен.